Астанада арнаулы қызмет Жамбыл облысынан есірткі тасымалдау арнасын жойды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада арнаулы қызмет  Жамбыл облысынан есірткі тасымалдау арнасын жойды

Астанада арнаулы қызмет Жамбыл облысынан есірткі тасымалдау арнасын жойды

АСТАНА. 2-шілде. Kazakhstan Today. Астанада арнаулы қызмет Жамбыл облысынан есірткі тасымалдау арнасын жойып, 17 кг астам марихуана мен гашиш тәркіленді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 2 Шiлде 2007
  • 554
Фото - Caravan.kz

«Астана — есірткісіз қала» аймақтық бағдарламасын жүзеге асыру аясында ҰҚК-нің Астана қалалық департаменті 17 кг марихуана мен гашишті тасымалдау барысында Ақмола облысы Новоишимка ауылының тұрғынын ұстады», -деп хабарлайды баспасөз қызметі. ҰҚКД қызметкерлерінің ақпаратына сәйкес, ұсталған Елордасы аумағында Жамбыл облысынан аса ірі көлемде есірткілік заттарды тасымалдап тарату арнасын жолға қойған.

Бұл деректер бойынша ҰҚКД тергеу бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 259 бабы (есірткілік заттарды заңсыз тасу, сақтау, өндңру немесе тасымалдау) бойынша қылмыстық іс қозғады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті