Еліміз Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, әскери шеру «Қазақ елі» алаңында өткізілмек. Оған Қорғаныс, Ішкі істер және ТЖ министрліктері, ҰҚК Шекара қызметі, Республикалық гвардия жасақтары, әскери техника мен авиация қатысады.
Жаяу әскерлердің салтанатты шеруінде екі мыңға жуық жауынгер сап түзейді.
Сонымен қатар, механизацияланған колоннаға 250 дана әскери техника мен 600-ге жуық адам, 56 ұшу аппараты жұмылдырылады, делінген хабарламада.