Астанада астық тиелген вагондар шойын жолдан шығып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада астық тиелген вагондар шойын жолдан шығып кетті

Астанада астық тиелген вагондар шойын жолдан шығып кетті

АСТАНА. 11-сәуір. Kazakhstan Today. Астанада астық тиелген вагондар шойын жолдан шығып кетті. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 11 Сәуiр 2007
  • 425
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, екеуіне астық тиелген, үшеуі бос бес темір жол вагоны Астана темір жол станциясында сұрыптау жұмыстары кезінде шойын жолдан шығып кетті.

«Шойын жолдан шығып кету салдарынан темір жол төсеніші бүлінді», деп хабарлайды баспасөз қызметі. Хабарламада атап көрсетілгеніндей, поездардың қозғалысында өзгеріс болмаған.

Қазір апат орнында Астана станциясының апаттық қалпына келтіру поезы мен 20 адам жұмыс істеп жатыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті