Астанада бала-шағасын ертіп ереуілге шыққан тұрғындарды полиция ұстап әкетті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада бала-шағасын ертіп ереуілге шыққан тұрғындарды полиция ұстап әкетті

Астанада бала-шағасын ертіп ереуілге шыққан тұрғындарды полиция ұстап әкетті

Астанада наразылыққа бала-шағасын алып шыққан тұрғындарды тағы полиция ұстап әкетті. Бас прокуратураның алдына жиналған жұрт әкімдіктің жер телімі үшін төленген өтемақысына келіспей отыр.

  • 12 Сәуiр 2014
  • 436
Фото - Caravan.kz


Бұл үйлері сүріледі деп шешім шығарылған тұрғындар. Алайда ешқайсысы мемлекет берген өтемақығы келіспей отыр. Бүгін сол наразылығын білдіріп, Бас прокурордың өзімен жолықпақ болған. Бірақ кездесе алмай ақыры айқайға басқан тұрғындарды полицейлер бала-шағасымен қосып, күштеп бөлімшеге алып кетті. Дегенмен, бүгінгі шудан кейін Бас прокуратура мемлекеттің қажеттілігі үшін босатылған жер телімдерінің құны қайта қаралуы мүмкін екенін мәлімдеді. Айта кетейік, Астанада наурыз айының басында "Махаббат" кешенінің тұрғындары да соттың «пәтерлерді босату туралы» шешіміне қарсылық білдіріп,бала-шағасын жетектеп «Қазмедианың» алдына жиналған. Ол кезде де сақшылар балаларды шырылдатып автобусқа тиеп әкеткен-ді.