Астанада белгіленбеген жерге қоқыс төккен 600-ден астам жүргізушіге айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада белгіленбеген жерге қоқыс төккен 600-ден астам жүргізушіге айыппұл салынды

Астанада белгіленбеген жерге қоқыс төккен 600-ден астам жүргізушіге айыппұл салынды

Биылғы 9 айда елордада абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 3 451 адам жауапқа тартылды.

  • 26 Қазан 2022
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, абаттандыру ережелерін бұзғандарға 35 млн теңгеден астам айыппұл салынған. Соның ішінде белгіленбеген орындарға қоқыс түсіргені үшін 542 жүргізуші және лас қалдықтарды төккені үшін 74 жүргізуші ұсталған.

Полицейлер құрылыс нысандарының басшыларына қалада абаттандыру ережелерін сақтау туралы үнемі түсіндіру жұмыстарын өткізеді. Алайда, құрылыс компаниялары қоқыстың жолға шығарылуына жол береді, нысандардың аумағын тиісті жағдайда ұстамайды және құрылыс қоқыстарын «Эко полигонға» жеткізбейді. Жыл басынан бері осындай заң бұзушылықтар үшін 261 компанияға жалпы сомасы 2 млн 281 мың теңге айыппұл салынды.

Құрылыс ұйымдарына қатысты қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық заңнаманың сақталуына, сондай-ақ 25 құрылыс ұйымы бойынша шаруашылық қызметті жүзеге асыру барысында экологиялық нормалардың сақталуына тексеру жүргізу үшін Астана қаласы бойынша Экология департаментіне ақпарат жіберілді.


Соңғы жаңалықтар