Астанада Белоруссияның Мәдениет күндері өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Белоруссияның Мәдениет күндері өтеді

Астанада Белоруссияның Мәдениет күндері өтеді

10-12-сәуір аралығында Астанада Белоруссияның Мәдениет күндері өтеді.

  • 10 Сәуiр 2014
  • 467
Фото - Caravan.kz

Еліміздегі Белоруссия елшілігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 11-сәуірде Конгресс-холда Белоруссия Мәдениет  күндерінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Оған екі елдің Мәдениет министрлері Борис Светлов пен Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысады.

Салтанатты шара соңы Белоруссияның жетекші солистері мен шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өтетін гала-концертке ұласпақ. Олардың арасында осы елдің халық әртістері – Ядвига Поплавская мен Александр Тихонович, «Верасы» ВИА, «Песняры» мемлекеттік ансамблі, «Хорошки» мемлекеттік хореография ансамблі, Белоруссияның еңбек сіңірген әртісі А.Креммко және тағы басқалар бар.

Сонымен қатар, тұрғындар мен қала қонақтарының назарына «Беларусь бүгін» атты фотокөрме ұсынылады.


2013 жылдың қазан айында Белоруссияда Қазақстанның Мәдениет күндері өткен болатын.