Астанада биіктен 6 құрылысшы құлап біреуі қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада биіктен 6 құрылысшы құлап біреуі қаза тапты

Астанада биіктен 6 құрылысшы құлап біреуі қаза тапты

Астананың құрылыс алаңында кезекті қайғылы оқиға! Бір күнде  жоғарғы қабаттан 6 адам құлап, өлім аузында ауруханаға түскен. Дәрігерлер сол зардап шеккендердің біреуін аман алып қала алмады. Оқыс оқиғадан соң прокуратура мен еңбек департаменті 3 құрылыс нысанының жұмысын тоқтатып, қылмыстық іс қозғады.

  • 15 Сәуiр 2014
  • 175
Фото - Caravan.kz

Алдымен, сол жағалауда салынып жатқан көпқабатты үйлердің бірінен 2 құрылысшы құласа, 3 сағаттан соң дәл осындай жәйт оң жағалауда қайталанды.  Мұнда 9-шы қабаттан қатарынан 4 адам құлаған. Солардың бірі ауруханада көз жұмды. Ажал құшқан 35 жастағы азамат сыртқы әрлеу жұмыстарымен айналысқан екен. Алайда тексерістен соң жабылған нысандарда жұмыс тоқтатылмаған.Айта кетсек, бұл Астанада орын алған бірінші кісі өлімі емес. Былтыр  биіктен құлаған жиырма құрылысшы көз жұмған. Ал бірнеше метр биіктіктен төмен құлдиласа да құдай сақтап аман қалғандардың өмірі үшін қазір дәрігерлер күресіп жатыр. 


Александр Степанов, травмотолог:

— Аяқтары сынған, бел омыртқаларына, бас сүйектеріне зақым келген. Мұндай ауыр жарақаттармен емделу өте ұзақ уақытқа созылады.  Сондықтан, оларды 2-3 айдан соң бірден жүріп кетеді деп айта алмаймын. Тіпті, мүгедек болып қалу қаупі  бар.