Атап айтқанда, палата екі елдің арасындағы іскерлік байланыстар мен инвестициялық үдерістерге қолдау көрсетуге негізделген. Оның жұмысында энергетика, фармацевтика, ақпараттық технологиялар мен инновациялар, құрылыс пен сәулет, жылжымайтын мүлік, көлік пен логистика, туризм, азық-түлік өнеркәсібі, ғылым саласында тәжірибе алмасу мен мәдениет салалары қамтылмақ.
«Болгария Қазақстанды ұзақ мерзімді серіктес ретінді қарастырады, сондықтан да біз тұрақты әрі жемісті сауда-өнеркәсіптік ынтымақтастыққа мүдделеміз. Мен үшін бұл кеңсенің ашылуы айрықша маңызға және де оның қыметінен елеулі нәтижелерді күтіп отырмыз»-, деді кеңсенің ашылуы рәсімінде Болгария Халықтық жиналысының (Парламент) төрғасы Цецка Цачева.
Болгария парламенті спикерінің пайымынша, Қазақстан нарығында болгар тауарлары сұранысқа ие болуы мүмкін.