Артынан қаланың қақ ортасында қоғамдық тәртіпті елемей көңіл көтергендерді полиция келіп жөнге салмақ болады. Алайда, масайған жігіттер тәртіп сақшыларының өзіне жұдырық ала жүгірген. Артынан полицейдің бірі көзден жас шығаратын газды шашып сотқарларды әрең тоқтатты. Десе де, бөлімшеге барғысы келмеген жігіттер қымбат қара джипке отырып алып оқиға орынынан қашып кеткен. Бұзақыларды тәртіп сақшылары қаланы айналдыра қуып жүріп, ақыры ұстады.