Астанада дүниежүзілік және дәстүрлі ұлттық діндер құрылтайы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада дүниежүзілік және дәстүрлі ұлттық діндер құрылтайы басталды

Астанада дүниежүзілік және дәстүрлі ұлттық діндер құрылтайы басталды

Бүгін, 23-қыркүйекте Астанада дүниежүзілік және дәстүрлі ұлттық діндер құрылтайы басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Қыркүйек 2003
  • 1299
Фото - Caravan.kz

Құрылтайдың ашылуында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев форумқа қатысушыларға сәлем бере құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, форум бағдарламасында барлық делегация жетекшілері сөз сөйлейді деп күтілуде.

Қазақстан Елордасында өтетін дүниежүзілік және дәстүрлі ұлттық діндер құрылтайына әлемнің әр елінен 17 делегация қатысуда.
Атап айтсақ, Астанаға Қытай буддистік қоғамы төрағасының орынбасары Цзямуян Лосанцзюмэй Туданьцюсдиним басқарған Бүкілқытайлық буддистік Қауымдастық өкілдері, Бүкілқытайлық даосистік қауымдастық төрағасының бірінші орынбасары Цжан Цзиюй мырзалар келді. Сондай-ақ, құрылтайға қатысу үшін Жапония синтоистік шіркеулер бас басқармасының директоры Минору Сонода, Евангелияны уағыздау жөніндегі конгрегациясының президенті Юзеф Томко, Ставрополь және Владикавказ епископы Феофан, Ресейдің бас раввині Адольф Шаевич басқарған өкілдер келді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 40 конфессия өкілдерін құрайтын 3036 діни бірлестіктер жұмыс істейді. Ал 1990-жылы республикада 761 діни бірлестік тіркелген болатын.
Бүгінде елімізде 1669 мұсылмандық бірлестік, 249 православиелік, 81 католик, 23 иудейлік, 1 мыңға жуық протестанттық бірлестіктер бар. Олардың иелігінде 2,2 мың мешіт, шіркеу, дұға үйі мен басқа да культтік ғимараттар ашылған. Еліміз бойынша 8 жоғары (соның ішінде 2-мұсылмандық, 1-католик, 1-лютерандық, 4-протестанттық), 6 арнаулы орта және 3 жалпы білім беретін діни-рухани мекемелер жұмыс істейді.
24-қыркүйек, сәрсенбіде түстен кейін Қазақстан Елордасының жаңа алаңындағы «Астана-Бәйтерек» ескерткішінің жанында түгелдей жиналған құрылтайға қатысушылар жаратушыға сыйынып жаппай дұға оқиды.
Әлеуметтік сауалнама қорытындысы бойынша, қазіргі таңда елімізде дінге табынушылар саны арта түсуде, айталық, қазір еліміз тұрғындарының 62 проценті өздерін діндармыз деп санайды.

Соңғы жаңалықтар