Астана қаласы Сарыарқа аудандық №2 соты тыйым салынған «Таблиғи Жамағат» экстремистік ұйымының қызметін жүзеге асыру фактісі бойынша С. есімді адамды қамауға алу шарасын санкциялады.
Еске сала кетейік, Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2013 жылғы 26 ақпандағы шешімімен «Таблиғи Жамағат» халықаралық ұйымы экстремистік деп танылып, оның қызметіне Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған.