Астанада электровозы ұрланған депо директоры жұмыстан қуылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада электровозы ұрланған депо директоры жұмыстан қуылды

Астанада электровозы ұрланған депо директоры жұмыстан қуылды

Елордада электровозды айдап, соның ішінде қыз зорлау оқиғасынан кейін теміржолдағы тәртіпке жауаптылар жаппай қызметінен  қуылып жатыр. Күллі елдің жағасынан ұстатқан жәйттен кейін Астана локомотив депосының директоры жұмысынан алынды. 

  • 8 Қазан 2015
  • 226
Фото - Caravan.kz

Осы сюжеттен кейін Астанадағы еңселі кабинеттерде шұғыл жиналыс өтіп, жауаптыларға шара қолданған. Әсіресе, депо директоры мен «Локомотив» Акционерлік қоғамының көмекшісіне электровоз тізгінін ұстата салған машинист пен «Қазақстан темір жолына қарасты «Әскерилендірілген күзет қызметінің» күзетшілері жұмыстан қуылды. Соңғы мекеменің осы шойын жолды қорғауға жауапты екенін айта кетейік. Ал депо жолында тұрған электровозды еш құжатсыз айдап әкеткен машинист көмекшісіне қатысты қылмыстық із қозғалды. Ол бөгде адамның кіруіне тыйым салынған вокзал аумағына 3 досын ертіп, электровозды айдап әкеткен. Кейін, кабина ішінде 22 жасар қызды зорлағандар қазір қамауда отыр.

Соңғы жаңалықтар