Астанада еліміздің 2005-2007-жылдарға арналған орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын жасауға бағытталған республикалық кеңес өткізілуде
Бүгін, 13-ақпанда ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінде еліміздің 2005-2007-жылдарға арналған орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын жасауға бағытталған жыл сайынғы республикалық кеңес өткізілуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінен хабарлады. |
Кеңеске министрліктер мен мекемелердің, ұлттық компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшылары, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысуда.
Кеңесте еліміздің 2005-2007-жылдардағы маңызды экономикалық даму көрсеткіштері бойынша болжамдар ортаға салынады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін