Астанада ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының 17-ші сессиясын өткізу бойынша ұйымдастыру комитетінің алғашқы отырысы болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының 17-ші сессиясын өткізу бойынша ұйымдастыру комитетінің алғашқы отырысы болды

Астанада ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының 17-ші сессиясын өткізу бойынша ұйымдастыру комитетінің алғашқы отырысы болды

Астана. 18 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Кеше сенат төрағасы Қасымжомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен 2008 жылдың 28 маусымы - 3 шілдесі аралығында Астана қаласында ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының 17-ші сессиясына дайындық және оны өткізу бойынша ұйымдастыру комитетінің алғашқы отырысы болды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне сенаттың баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Наурыз 2008
  • 553
Фото - Caravan.kz

«Ұйымдастыру комитетінің қызметін қамтамасыз ететін жұмыс тобының бірінші кезектегі міндеттерін белгілей келіп Қ.Тоқаев жиынның 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі қарсаңындағы ерекше маңызын, сондай-ақ еліміздің әлем қоғамдастығында беделді әрі жауапты мүшесі ретінде халықаралық келбетін нығайтатынын атап өтті», — деп көрсетілген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Біздің еліміздің аймақтық өлшемде артып келе жатқан рөліне, қазіргі замандағы жаһандық үдерістерге белсенді қатысуға қатысты мәселелерге тоқтала келіп ұйымдастыру комитетінің төрағасы бұл жетістіктер президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылған сыртқы саясат туралы бастамаларын жүзеге асырудың маңызды негізі екенін атап өтті.

Ол сондай-ақ «осынау жауапты шара біздің мемлекетіміздің елордасының халықаралық тұсаукесері өткен күннің 10 жылдығын мерекелеу қарсаңында болатыны» тұрғысындағы ерекшелігіне де назар аударды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті