Астанада EXPO-2017 көрмесі қарсаңында қосымша 2,5 мың бейнекамера орнатылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада EXPO-2017 көрмесі қарсаңында қосымша 2,5 мың бейнекамера орнатылмақ

Астанада EXPO-2017 көрмесі қарсаңында қосымша 2,5 мың бейнекамера орнатылмақ

Астанада EXPO-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында қосымша 2,5 мың бейнекамера пайда болады.

  • 13 Қаңтар 2014
  • 284
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді.

«Астанада EXPO-2017 көрмесіне дайындалу және өткізу шеңберінде қосымша 2,5 мың бейнебақылау камерасы орнатылмақ», — деп министр бүгін мәжілісте үкімет сағатында атап көрсетті.

Министрдің мәліметі бойынша, қазіргі кезде республика бойынша адам көп жүретін жерлерде, аулаларда 2,7 мың бейнебақылау қондырғысы орнатылған, оның ішінде Астанада — 694, Алматыда – 156. Олардың көмегімен шамамен 290 мың тәртіп бұзушылық анықталып, 1,7 мыңнан астам қылмыс әшкереленді.

Министр полиция қызметкерлерін бейнетіркегіштермен жабдықтау шарасы қабылданып жатқанын айтты.