Астанада ірі фармацевтикалық фабрика салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ірі фармацевтикалық фабрика салынады

Астанада ірі фармацевтикалық фабрика салынады

Астана. 27 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада ірі фармацевтикалық фабрика салынады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін жұртшылық өкілдерімен кездесуде атап өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 27 Желтоқсан 2007
  • 484
Фото - Caravan.kz



«Фармацевтика саласы — біздің серпінді жобаларымыздың біріне жатады. Сол себепті қазір біз Астанада ірі фармацевтикалық фабрика салғалы отырмыз», -деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Біз мемлекеттің қолдауымен табиғи байлықтарымызға негіздей отырып фармацевтика саласын дамыта аламыз», — деді мемлекет басшысы.

Ол Қазақстанның «шетелдерден 350 млн доллардың дәрі-дәрмектерін алып отырғанын» атап өтті.

«Жалпы алғанда еліміздің фармацевтика саласында тауқыметтер баршылық — бағаны әртүрлі белгілейтін делдалдар тым көп. Біз осы проблеманы шешуіміз керек», — деді Н. Назарбаев.