Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 6,9% ұлғайды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Статистика департаментінен хабарлады.
«Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6,9% артып, 55 435 құрады, соның ішінде 6 823 заңды тұлға, 48 607 жеке тұлға, 5 шаруа қожалығы», — делінген хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, 2014 жылғы 1 қаңтар жағдайында нарықта шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыс істейтіндердің саны 11,6% өсіп, 189 299 адамды құрады.
2013 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығаратын өнім көлемі 2012 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,4% ұлғайып, 1 185 779 млн. теңге болды.