Астанада Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтуде

Астанада Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтуде

Бүгін Астанада жүздеген балалар мен ата-аналар Балаларды қорғау күнін мерекелеуде.

Халықтық серуен Астаналық саябағында, «Арай» саябағында, сонымен қатар Қаржы

  • 1 Маусым 2015
  • 497
Фото - Caravan.kz


Халықтық серуен Астаналық саябағында, «Арай» саябағында, сонымен қатар Қаржы министрлігінің алдындағы алаңда өтіп жатыр, деп хабарлайды astana.kz.

Дәстүр бойынша елордалық саябақтарда балалардың қатысуымен концерттер ұйымдастырылды. Сахна төрінде би биленіп, балалар әндері шырқалуда. Бұдан бөлек, балалар шыныға құммен сурет салу, тігу, гитара тарту, қолөнер бұйымдарын жасау, сурет салу сияқты шығармашылық істермен айналысты. Мұнда түрлі шеберханалардың өкілдері балаларға сабақ өткізіп, оларға оқуды одан әрі жалғастыруды ұсынды.
Қала әкімдігінің қызметкерлері мерекеге келген барлық кішкентай астаналықтарға тегін балмұздақтар, сусындар мен тәттілер таратты.
Айта кетейік, қазіргі таңда Астанада 88 мектеп жұмыс істейді, онда 105 966 оқушы білім алуда. Сонымен қатар 34 195 бала мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етілген. Мектепке дейінгі мекемелерге кезекте 83 551 бала тіркелген.
Халықаралық балаларды қорғау күні жыл сайын 1 маусымда аталып өтеді. Бұл мереке 1949 жылы Парижде әйелдердің Халықаралық демократиялық федерациясы конгресінің шешімімен бекітіліп, алғаш рет 1950 жылы тойланды.
Астанада Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтуде (ФОТО) Астанада Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтуде (ФОТО) Астанада Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтуде (ФОТО) Астанада Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтуде (ФОТО) Астанада Халықаралық балаларды қорғау күні аталып өтуде (ФОТО)