Бұл туралы Энергетика министрі Владимир Школьник мәлімдеді.
«Форум шеңберінде Әріптестік бағдарламасының хартиясына қол қойылады, сонан соң сессияда «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасы» қауымдастығын құру туралы құрылтайлық келісімшарт жобасы таныстырылады», — деп ол халықаралық форумды ашу кезінде атап көрсетті.
«Біз осы жобаларды осы форумға арнайы келген халықаралық ұйымдармен, сарапшы қоғамдастықпен жан-жақты талқыламақпыз. Форум қорытындысы бойынша Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем қауымдастығы үшін маңызды идеяны жүзеге асыру жөніндегі алдағы іс-шаралар жоспарына негіз болатын қарар қабылданады», — дейді В.Школьник.
«Қазақстан Еуропа үшін қоршаған орта, Азия мен Тынық мұхиты үшін тұрақты даму ретіндегі геосаяси үрдістердің толық қатысушысы болып табылады. Осы орайда, біздің еліміздің президенті «Жасыл көпір» әріптестік бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асыру жөнінде ұсыныс жасағанын, оны Біріккен ұлттар ұйымына мүше елдердің барлығы қолдап, 2012 жылы Рио-де-Жанейрода өткен бүкіләлемдік саммит декаларациясына кіргенін атап өту керек», — дейді ол.