Жарияланды: 380

Астанада кішкентай арулардың байқауы басталды

Астанадағы Оқушылар сарайында «Кішкентай жұлдыз - 2012» қалалық байқауы басталды.

Конкурсқа 6-7 және 8-10 жас аралығындағы кішкентай арулар қатысуда. Олар ән, би, қолөнер және дефиле бойынша сынға түсіп, бақ сынаспақ. «Оқушылар сарайы бұл конкурсты биыл алғаш рет ұйымдастырып отыр. Бір айда байқауға қатысуға ниет білдірген 60 конкурсанттың ішінен 19 қызды іріктеп алдық. Олардың арасында өз еркімен кетіп қалғандар болды. Енді, осы 19 аруымыз өзара сынға түсіп, бақ сынасып көрмек», - дейді Оқушылар сарайының әдістемелік бөлім меңгерушісі Айжамал Қазыбай. Айта кетейік, конкурс жеңімпаздары «Кішкентай жұлдыз - 2012», «Сүйкімді үлгі - 2012», «Алтын саусақтар - 2012» және «Көрерменнің көзайымы» аталымдары бойынша марапатталады. Ал бас жүлде иегеріне арнайы сыйлықтар табысталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін