Апат кеше түнде болған. Көліктің ішінде жүргізушіден басқа бір жолаушы отырған.
"Жедел жәрдем мен полицейлер келді. Екеуіне медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар үйіне жіберілді. Басқа зардап шеккендер жоқ. Судың ішіндегі көлік төтенше жағдайлар департаментінің арнайы технкасының көмегімен шығарылды", — деді баспасөз қызметіндегілер.
Сондай-ақ, полиция хабарлағандай, әкімшілік хаттама толтырылып, апаттың мән-жайы анықталып жатыр.