Астанада мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер үлестіріле бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер үлестіріле бастады

Астанада мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер үлестіріле бастады

Астанада құжаттарын тұрғын үй комиссиясы мақұлдаған азаматтарға пәтер үлестіріле бастады. Бұл 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасына қатысты болып тұр.

  • 3 Ақпан 2017
  • 1815
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында жазылды, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Астана қаласы тұрғын үй басқармасының хабарлауынша, қазіргі уақытта коммуналдық меншікке Сарайшық көшесінің оң жағындағы (Жұмабаев көшесінің шығысына қарай Лот 1 (Лот 5) орналасқан тұрғын үй кешендерінен үш бөлмелі пәтерлер тапсырылды.

Осыған байланысты, тұрғын үй комиссиясының 2017 жылғы 24 қаңтардағы отырысында, алған баллдарға сәйкес осы күнге дейін тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген тұрғын үй комиссиясының оң шешімін алған азаматтар арасында, көрсетілген тұрғын үй кешендерінен пәтерлер бөлу жүргізілді. Тізімді мына сілтеме бойынша көруге болады.


Астана қаласының тұрғын үй басқармасында пәтерлерді сатып алу-сату шарттарын жасау бойынша жұмыс басталды (Сейфуллин көшесі, 30 үй, 11 кабинет). Сатып алу-сату шарттарын жасау жұмыс күндері сағат 8.30-дан 13.00-ге дейін жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар