«Біз Астанада екі топ құрып, оның біріншісін қала әкімі Асқар Мәмин, екіншісін индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов басқарады «, -деп хабарлады Ө. Шүкеев.
«Жұмыс топтары құрылыс кестесін, оның екінші деңгейдегі банктер тарапынан жүргізіліп отырған қаржыландыруын, «Қазына» ТДҚ қаржы бөлуін және құрылыс нысандарының капиталандыру графигін бақылайтын болады», -деп түсіндірді ол.
«Бұл мәселелер бойынша түйіткілдер туындайтын болса, сол бойынша шұғыл әрекеттер мен шешімдер қабылданатын болады «, — деп атап өтті Ө. Шүкеев.
Ол атап өткеніндей, жұмыс топтары Астана бойынша бөлінген бюджеттік қаржыны игерудің механизмін толық жолға қоймайынша, «басқа құрылыстар қаржыландырылмайды».
Вице-министрдің ақпараты бойынша екінші деңгейдегі банктер Астанада 112 құрылыс нысанның тұрғын-үй бағдарламасы бойынша қаржыландыруы тиіс 6 ғимарат бойынша құрылыс компанияларымен қарым -қатынас жасаудан бас тартты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті