KazEnergy ақпараты бойынша отырыс жұмысына ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, сондай-ақ KazEnergy қауымдастығының мүшелері мен оның серіктестері болып келетін «ҰК ҚазМұнайГаз»АҚ, «ҚазТрансОйл»АҚ, «ҚазТрансГаз»АҚ, «ҚазМұнайГаз» барлау өндіру», «KEGOC»АҚ, «ҚазМұнайТеңіз»АҚ,»Теңізшевройл» ЖШС, «ҚМГ Консалтинг» ЖШС, «ҚазРосГаз» ЖШС, «ҚазахТүркМұнай» ЖШС, қызметкерлерді бірыңғай дамыту орталығы (ӨБДО)қатысты.
Ақпарат бойынша, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілі Әлім Байсақалов жұмыс берушілер мен кәсіби және техникалық білім беру мекемелерінің қарым қатынастары жөнінде мәселені қозғады. Оның ақпараты бойынша бүгінгі күнде ҚР БҒМ мемлекеттік органдары мен ірі компаниялармен 14 келісімге қол қойды.
БҒМ ұсынысы бойынша салалық министрліктер, статистикалық органдар және жұмыс берушілер бірлесе отырып нақты экономикалық қызметтерде сұранысқа ие болып отырған мамандықтар бойынша арнайы зерттеулерді жүргізу керек.
Астанадағы «Теңізшевроил» өкілдігінің жетекшісі Төлеген Хасанов «Теңіз шевроил» компаниясында кәсіби техникалық мамандарды даярлайтын бағдарламаның жүзеге асырылуы жөнінде ақпарат берді.
Оның сөздері бойынша ТШО жобалары үшін ұлттық кадрлерді дайындайтын оқу орталығы ашылып, онда 3 мыңнан аса адам оқытылды. Олардың қатарында Атырау облысының жұмыссыз жүрген 1200 маманы дәріс алды.
Отырыс барысында ӨБДО бас менеджері Жанат Далабаев қатысушылардың назарына модульдік оқу бағдарламаларын, техникалық қызметкерлерді оқыту үшін дайындалған мультимедиялық материалдарды ұсынып, негізгі мамандық бойынша қашықтан оқыту курстарының жұмысымен таныстырды.
Сондай-ақ, техникалық мамандарды «Болашақ» бағдарламасының түлектері қатарынан тарту үшін ҚР БҒМ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ынтымақтастық орнату тиімділігі жөнінде Аида Сағынтаева сөз сөйледі.
«KazEnergy» таратқан хабарламасы бойынша отырыс кезінде білім беру бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі қауымдастық қызметінің сараптамасы ұсынылып, кәсіби-техникалық мектептердің, лицейлердің, колледждердің үздік оқушыларына шәкіртақы бөлу жөніндегі арыздары қарастырылып, сондай-ақ көп балалы, жетім қалған және ахуалы төмен отбасылардан шыққан студенттерге білім гранттарын беру мәселелері талқыланды «.
«Отырыстың қорытындысында қауымдастыққа мүше серіктес компаниялардың үлгілі тәжірибесін тарату арқылы кәсіби және техникалық білім беру жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар жасалды», — деп атап өтті баспасөз хатында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті