Астанада оқушы бес күннен бері іздестіріліп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада оқушы бес күннен бері іздестіріліп жатыр

Астанада оқушы бес күннен бері іздестіріліп жатыр

Астанада осымен бесінші тәулік оқушы Болат Қожамжар іздестіріліп жатыр.

  • 12 Ақпан 2019
  • 20
Фото - Caravan.kz

Қалада 10-сынып оқушысының суреті бейнеленген парақшалар таратылған.

"Мен оның жоғалып кеткеніне сенімдімін. Біз оның қайда екенін білмейміз. Алғашқы үш күн бойы оның ұялы телефонына хабарласа алмадық. Ал дүйсенбі күні телефоны өшіп тұрды. Ол жұма күні түстен кейін шығып кеткен. Сыныптастары оны компьютер клубында көрген екен. Олардың айтуынша, ол компьютер ойнап болғаннан кейін "Мен үйге кеттім, қайтуым керек" деп айтқан. Бірақ ол үйге келмеді", — деді оқушының анасы. Оған қоса, анасының сөзінше, ол ешқашан үйден қашып кетпеген.

Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері оқушының жоғалу дерегі бойынша және оның қай жерде жүргені туралы іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

 
Болат Қожамжарды іздеуге сыныптастарының ата-аналары да қосылған.
 
"Ол ешкіммен ұрыспайтын, момын оқушы болатын. Соңғы рет ол компьютер клубында болған. 8 ақпан 19.30-да онымен басқа балалар сөйлескен. Ол сыныптастарына сол күні "Менің ойнау уақытым 20.00-ге дейін төленген. Одан кейін мен үйге қайтамын" деп айтқан. Сосын ол жоғалып кетті. Ешкім оны көрмеді. Бесінші тәулік болды. Бұл дұрыс емес жағдай", — деді сыныптас оқушының анасы Динара Қайдарова.
 
Соңғы жаңалықтар