Сонымен бірге, АӨСШК бақылаушы мемлекет ретінде Беларусь президенті де саммитке қатысады.
«Жоғары деңгейдегі кездесу АӨСШК шақыру туралы бастаманың 30 жылдығына орайластырылып Қазақстанның төрағалығымен өтеді. Шараға мүше мемлекеттердің, байқаушы елдер мен ұйымдардың, серіктес ұйымдардың бірінші басшылары, сондай-ақ Қазақстан тарапының қонақтары шақырылды. Барлығы 50-ге жуық делегация келеді деп күтіліп отыр. Азия кеңесінің саммиті пандемиядан кейінгі кезеңде Қазақстанда ғана емес, жалпы континентте де аса ауқымды саяси оқиғалардың біріне айналады деп айтуға болады. Алдағы саммит қазақстандық төрағалықтың басты іс-шарасы, оның ішінде біздің төраға ретіндегі екі жылдық жұмысымызды қорытындылаймыз», — деді ресми өкіл.
Саммит барысында бірқатар құжаттар мен шешімдерді қабылдау жоспарланған.
Шараны дайындау шеңберінде Астана қаласында биылғы 10-11 қазанда өтетін Азия кеңесі аға лауазымды тұлғалар комитетінің отырысын өткізу көзделген