Астанада өткен "ЕО үштігі-Орталық Азия" кездесуі ЕО аймақтық стратегиясын дайындаудың айқындау кезеңіне айналды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада өткен   "ЕО үштігі-Орталық Азия" кездесуі  ЕО аймақтық стратегиясын дайындаудың айқындау кезеңіне айналды

Астанада өткен "ЕО үштігі-Орталық Азия" кездесуі ЕО аймақтық стратегиясын дайындаудың айқындау кезеңіне айналды

АСТАНА. 3-сәуір. Kazakhstan Today. Астанада 28 наурызда өткен "ЕО үштігі-Орталық Азия" кездесуі ЕО аймақтық стратегиясын дайындаудың айқындау кезеңіне айналды. ҚР СІМ ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың айтуынша, ЕО өкілдері кездесу соңында осындай пікір білдірді.

  • 3 Сәуiр 2007
  • 437
Фото - Caravan.kz

ЕО өкілдері Орталық Азиялық серіктестерінің жаңа стратегияны жүзеге асыру бойынша толыққанды ынтымақтастыққа дайын екенін көрсетіп, құжат жобасын дайындау кезеңін айқындай түсті»,-деп хабарлады Е.Ашықбаев.

Дипломаттың пікірінше, Астанада өткен кездесудің қорытындысы осы форматта өтетін келесі диалогтардың негізіне айналады. Ол, сыртқы істер министрлері деңгейіндегі «ЕО үштігі -ОА» форматындағы кездесулер ЕО келесі төрағаларының бағдарламаларына (Словения , Финляндия) 2008, 2009 және келесі жылдарға енгізілді.

Е.Ашықбаев, кездесу барысында «ЕО Орталық Азия елдері тауарларының Еуропа нарықтарына енуін қамтамасыз етуге және Орталық Азияның төрт еліңнің Дүниежүзі сауда ұйымына кіруіне қолдау көрсетуге дайын екенін білдіргенін атап өтті.

Сонымен қатар, оның айтуынша, «Еуропа тарапы Орталық Азия елдерінің Ауғанстанды қалпына келтіру жобасына қосымша қаржы бөлуге қатысуға ниетін мақұлдап, ШЫҰ, ЕурАзЭҚ, ҰҚКШҰ аймақтық құрылымдарымен ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді».

Сыртқы істер министрі Марат Тажиннің айтуынша, Қазақстан үшін Еуропалық Одақпен стратегиялық серіктестікте энергетикалық фактор маңызды мәселелердің бірі. Бүгінде ел Еуропаға 10 млрд. АҚШ долларынан астам қаржыға энергетикалық ресурстарды экспорттайды. Алайда, Қазақстан көмірсутектері саласындағы ынтымақтастықпен шектеліп қоймайды», деді СІМ өкілі. Оның айтуынша, «ядролық энергетика, жаңартылған энергетика көздерін пайдалану , энергоресурстарды өңдеу , ең әуелі сұйытылған газды өндіру саласында үлкен әлеует бар.

«Қазақстан , аймақтағы мемлекеттер мен ЕО энергетика саласында тәжірибелік ынтымақтастыққа негіз болатын «Баку процессіне» барынша атсалысуды көздейді», деді СІМ өкілі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті