Астанада өткен конфессиялар форумы Таяу Шығыста бейбітшілік орнатуға қызмет етеді - ҚР президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада өткен конфессиялар форумы Таяу Шығыста бейбітшілік орнатуға қызмет етеді - ҚР президенті

Астанада өткен конфессиялар форумы Таяу Шығыста бейбітшілік орнатуға қызмет етеді - ҚР президенті

"Бүкіләлемдік және дәстүрлі ұлттық діндер құрылтайы - Ислам әлемінің ғазиз қайраткерлері мен Иран және Израильдің діни лидерлерін Астанада ортақ келіссөздер үстелінің басында жинауымен бірегей ". Бұл туралы бүгін, 24-қыркүйекте құрылтайдың жабылуынан кейін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Израиль журналисінің араб-израиль шиеленісі туралы сұрағына жауап берген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді.

  • 24 Қыркүйек 2003
  • 509
Фото - Caravan.kz

Әр конфессиялар жетекшілерінің арасында өткен осындай диалог таяу Шығыстағы ұзаққа созылған ешкімге қажетсіз жойқын соғысқа қатысушы халықтар арасында болса, сонда ғана өзара түсіністік орнайды,- деді президент.

Оның пікірінше, «Израиль, Палестина және араб елдерінің басшылары, дін жетекшілері мен қарапайым халық келіссөздер үстеліне отырып, қарудың үнін тұншықтыру туралы ортақ пәтуаға келуі керек». Н.Назарбаев Астанада өткен конфессиялар форумы Таяу Шығыста бейбітшілік орнатуға қызмет етеді дегенге сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар