Астанада оттегі баллонының жарылуы салдарынан үш адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада оттегі баллонының жарылуы салдарынан үш адам қаза тапты

Астанада оттегі баллонының жарылуы салдарынан үш адам қаза тапты

АСТАНА. 16 тамыз. Kazakhstan Today. Астананың Алматы ауданында оттегі баллонының жарылуы салдарынан үш адам қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Тамыз 2007
  • 518
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Элит Сымбат» ЖШС-нің базасы аумағында кеше 10 сағат 55 минутта жеке меншік «Береке» кәсіпорны жалға алған оттегі баллондарын толтыруға арналған жерде оттекті баллон жарылды. Жарылыс салдарынан «Береке» кәсіпорнының үш жұмысшысы қаза тапты.

«Төтенше жағдайдың зардаптатын жоюға ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 9 адамы мен 2 техникасы, «ЦРАОСО» МК-ның 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды», — делінген ТЖМ хабарламасында.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті