Жарияланды: 540

Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы ашылды, онда 2004-жылға арналған республикалық бюджет жобасы алғашқы оқылымда қаралады

Бүгін, 25-қарашада Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы ашылды, онда 2004-жылға арналған республикалық бюджет жобасы алғашқы оқылымда қаралады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Парламент палаталарының бірлескен отырысына сенаттың 39 депутатынан 36-сы, мәжілістің 77 депутатынан 74 адам қатысып отыр. Отырысты ашқан мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбай "қажетті кворум қалыптасты",- деп хабарлады. Сондай-ақ, бірлескен отырысқа ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов пен үкімет кабинетінің мүшелері, президент әкімшілігі пен парламент аппаратының жауапты қызметкерлері қатысуда. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылғы республикалық бюджеттің түсімі 862,2 млрд. теңгені, бюджет шығыны 954,8 млрд. теңгені, республикалық бюджеттің дефициті 92,7 млрд. теңгені , немесе Ішкі Жалпы Өнімнің 1,9 процентін құрайды деп жоспарланды. 2004-жылы Ішкі Жалпы Өнім 4,877 трлн. теңге көлемінде болжанып отыр. Бюджеттік жүйе туралы заңға сәйкес, 2004-жылғы республикалық бюджет туралы заң жобасына қатысты шешім парламент палаталарының бірлескен отырысында кем дегенде екі оқылымда қабылдануы тиіс. Жоба қабылданатын ақырғы мерзім 2003-жылғы 15-қарашасы деп белгіленген. Парламент палаталарының бірлескен отырысы одан әрі жалғасуда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін