Астанада парламент қасында акцияға шыққан әйелдер наразылық акциясын тоқтатты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада парламент қасында акцияға шыққан әйелдер наразылық акциясын тоқтатты

Астанада парламент қасында акцияға шыққан әйелдер наразылық акциясын тоқтатты

Астанада Парламент ғимаратының қоршауына өздерін байлап қойған төрт әйел олармен Мәжілістің заң және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Светлана Бычкова келіссөздер жүргізген соң, наразылық акцияларын тоқтатты.

  • 14 Сәуiр 2014
  • 306
Фото - Caravan.kz

Олар депутатқа талаптарын айтып, қолдарында бар құжаттардың көшірмелерін табыс етті.

С.Бычкова акцияға қатысушы әйелдерге депутаттармен бейсенбіде кездестіруге уәде етіпті.

"Депутат Бычкова біздің және журналистердің қатысуымен зерттеу жүргізіледі, деп уәде етті. Бізді тағы алдап қойса, біз ақырына дейін барамыз", деді журналистерге Сандуғаш Серікпаева.

Оларға қолдау көрсетпек болған 15 ересек адам мен 10 бала да үйлеріне тарасып жатыр.