Астанада полицейлер саны артпақ – ІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада полицейлер саны артпақ – ІІМ

Астанада полицейлер саны артпақ – ІІМ

Елордада полицейлердің штат санын арттыру қажеттілігі туындап отыр, деп Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.

  • 28 Сәуiр 2014
  • 414
Фото - Caravan.kz

«Біздің штаттағы қызметкерлер саны 240 мың адамға есептелген. Соңғы халық санағының нәтижелеріне сүйенсек, елорда тұрғындарының саны 810 мыңға жеткен. Яғни, 3 есе артқан. Ал, біз әлі сол 240 мыңға есептелген деңгейде отырмыз. Сондықтан да қылмыс саны көбейіп отыр (…). Қалай болғанда да 810 мың халық – аз емес және қылмыс деңгейі соған сай», — деді ол дүйсенбі күні ОКҚ өткен брифингте.

«Өткен жылмен, алдыңғы жылмен салыстырғанда әрине, қылмыс саны артқан. Астана қаласында тәртіпті нығайту шараларын қолға алып жатырмыз. Біріншіден, 3-сәуірде мен елбасының қабылдауында болып, Астана қаласындағы ахуал жайлы баяндадым. Ол республикалық бюджет есебінен жедел-тергеу қызметкерлерінің санын 1,3 мың адамға арттыру туралы құжатқа қол қойды. Сонымен қатар, қала әкімі жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етілетін патрульдік полиция, учаскелік полиция және кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар санын арттыру туралы шешім қабылдады.

Яғни, 7-8 айда, бәлкім, 1 жыл ішінде біз оларды жұмысқа қабылдаймыз деп ойлаймын. өйткені, олар есіктің сыртында дайын тұрған жоқ, оларды іріктеу, даярлау қажет», — деп қосты ведомство басшысы.


Оның айтуынша, қыркүйек айына қарай Астанадағы әскери қалашық құрылысы аяқталмақ.

«Ол жерге әскери қызметкерлерді, яғни, Астана қаласында қоғамдық тәртіпті күзететін 2,5 мың жедел қызмет жауынгері орналастырылады», — деді министр.

Қ.Қасымов қалада ешбір күзетсіз жүретінін және өзін қауіпсіз жүретінін атап өтті.