Астанада «Президент және мемлекеттік тіл» кітабының тұсаукесері өтеді
Сәрсенбі күні Астанада Ұлттық баспасөз орталығында «Президент және мемлекеттік тіл» кітабының тұсаукесері өтеді. |
«Президенттің мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылған жаңа жобасы – «Президент және мемлекеттік тіл» жинағын таныстырады», - делінген қордың сейсенбі күні таратқан алдын ала ақпаратында.
Кітап қордың, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының бірлескен еңбегінің нәтижесі болып табылады. Ол «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қолдауымен 2 мың дана таралыммен басып шығарылды.
Кітап қазақ тілінің тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік тілі ретінде орнығуына және Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік тіл саясатын жүргізудегі роліне арналған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін