«Президенттің мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылған жаңа жобасы – «Президент және мемлекеттік тіл» жинағын таныстырады», — делінген қордың сейсенбі күні таратқан алдын ала ақпаратында.
Кітап қордың, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының бірлескен еңбегінің нәтижесі болып табылады. Ол «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қолдауымен 2 мың дана таралыммен басып шығарылды.
Кітап қазақ тілінің тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік тілі ретінде орнығуына және Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік тіл саясатын жүргізудегі роліне арналған.