Астанада «Қазақ елі» алаңы үстінен 70-тен астам авиациялық техника ұшып өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада «Қазақ елі» алаңы үстінен 70-тен астам авиациялық техника ұшып өтеді

Астанада «Қазақ елі» алаңы үстінен 70-тен астам авиациялық техника ұшып өтеді

Астанада Отан қорғаушылар күні өтетін әскери парадқа дайындық шеңберінде әскери әуе күштерінің ұшақтары мен тікұшақтары Астана мен Қарағандының әуе базаларына орналасты.

  • 23 Сәуiр 2014
  • 547
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Астана мен Қарағанды әуе базаларында ұшу құрамы жаттығу ұшу элементтерін пысықтайды. Кәсіби шеберлік, тәртіпке ерекше көңіл бөлінеді.

Қазіргі кезде біз жұппен ұшуды пысықтаудамыз. Ұшқыштарымыздың дайындығы жоғары деңгейде, олар шеберліктерін үнемі шыңдап отырады. Олар мемлекеттік маңызды тапсырманы үздік орындайды деп есептеймін, дейді авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов.

Парад өтетін күні Астанада «Қазақ елі» алаңы үстінен 70-тен астам авиациялық техника ұшып өтеді.


Әскери парад Астанада 7 мамырда өтеді.