Бұл туралы «Қазақ қызы» қоғамдық бірлестігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Оқу-тәрбиелік институтының мақсаты — Қазақстанды демократиялық, әлеуметтік — экономикалық, мәдени және ұлттық өзіндік тұрғыда дамыған мемлекет ретінде кейіптейтін қыздарды озық үлгідегі қазақи және еуропалық қоғамдық -инабаттық дәстүрде тәрбиелеуге бағытталған тәрбиелік қызметті жүзеге асыру.
Ашылу салтанатына көрнекті қоғам, саясат қайраткерлері Парламент Мәжілісінің вице-спикері Дариға Назарбаева, Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлнәр Ықсанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева, ҚР Парламенті Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова, ҚР Президенті жанындағы отбасы-демографиялық саясат және әйелдер ісі жөніндегі Ұлттық комиссия төрайымы Махаббат Бекбосынова, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Оразалин және тағы басқалар қатысады. .
Атап өту керек, «Қазақ қызы» жобасы «Қазақстан-2050» стратегиясына қазақ мәдениеті мен дәстүрлі инабаттық нормалар мен ұстанымдарды, әдет-ғұрып пен отбасылық дәстүрлерді жаңғыртуды насихаттауға бағытталған.
Елбасы алдымызға қойған өсіп келе жатқан ұрпағымыздың мәдениеті, тәрбие мен білімін дамыту және гендерлік теңдік жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында жобаны ҚР Президенті жанындағы отбасы- демографиялық саясат және әйелдер ісі жөніндегі Ұлттық комиссия, «Нұр Отан» партиясы, Астана қаласы әкімдігі, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту фонды қолдады.
Мәдени-инабаттық қыздар институтын құру, оның тұжырымдалық, идеологиялық, әдіснамалық мазмұнының жасалымы миссиясы қазақ қыздарының мәртебесі мен жоғары бедел-бейнесін қазіргі өркениетті-мәдени кеңістікте өрістетуге жәрдем беру болып саналатын «Қазақ қызы» қоғамдық бірлестігі қызметі бағыттарының бірі болып табылады.