Астанада "Қазақстан инжиниринг" ҰК мен "Сингапур текнолоджиз инжиниринг" арасында Бірлескен кәсіпорын құру туралы хаттамаға қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада "Қазақстан инжиниринг" ҰК мен "Сингапур текнолоджиз инжиниринг" арасында Бірлескен кәсіпорын құру туралы хаттамаға қол қойылды

Астанада "Қазақстан инжиниринг" ҰК мен "Сингапур текнолоджиз инжиниринг" арасында Бірлескен кәсіпорын құру туралы хаттамаға қол қойылды

Бүгін, 13-ақпанда Астанада жүргізілген келіссөздер нәтижесінде "Қазақстан инжиниринг" ҰК мен "Сингапур текнолоджиз инжиниринг" арасында Бірлескен кәсіпорын құру туралы хаттамаға қол қойылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Ақпан 2004
  • 1084
Фото - Caravan.kz

Хаттамаға қол қою рәсімінен кейін «Сингапур текнолоджиз инжиниринг» компаниясының президенті Тан Пхенг Хокпен кездескен ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов былай деді: «Бұл келіссөзді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен жылғы Сингапур сапарының бір нәтижесі деуге негіз бар. Сапар барысында екі ел компаниялары арасында бірлескен кәсіпорын құрудың тиімділігі туралы шешім қабылданған болатын». Д.Ахметовтың айтуынша, «осынау бірлескен кәсіпорын электроника, мұнайгаз өндіру және басқа да шикізат өндіру салаларында жұмыс істейді деп кәміл сеніммен айтуға болады. Бұған қоса, жаңа компания кеме жасау, Қазастанның кейбір қару түрлерін қалпына келтіру және реконструкциялау жұмыстарымен де айналысатын болады».

Электроника, аэроғарыш, кеме және қару түрлерін жасау салаларында мамандандырылған «Сингапур текнолоджиз инжиниринг» компаниясы 1997-жылы мемлекеттік компания түрінде құрылған. Осы мерзімде компания Сингапурдағы ең ықпалды сегіз компанияның санатына қосыла білді. Бұл компания Қазақстанға өз тәжірибесін, басқару әдістерін, сондай-ақ, мұнай және газ өндіру, ауылшаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, кеме жасау т.б. салалардағы озық технологияларын әкелмекші.
Тан Пхенг Хок мырзаның айтуынша, ол басқаратын компания Қазақстандағы іс-қызметін биылғы жылдың 10-маусымында бастайды.
Алдағы өзара ынтымақтастық мәселелеріне тоқталған Д.Ахметов Қазақстан өз тарапынан ел экономикасына жаңа басқару үрдістері мен озық технологиялар тартуға қызығушылық танытатынын атап өтті. Атап айтсақ, республикамыз алдағы санаулы жылда тұңғыш ұлттық байланыс спутнигін жасауды қолға алатындықтан, Сингапурлық компанияның осы саладағы тәжірибесі еліміз үшін тіптен пайдалы болар еді.
Кездесу барысында Д.Ахметовтың атап көрсеткеніндей, «Сингапурдың бизнес саласы әсіре консервативтілігімен және әр қадамын аңдып басатын сақтығымен еркшеленетіні белгілі. Сол себепті осы елдің ірі компаниясының Қазақстан нарығына келуі аймақтағы ірі компаниялардың елімізге деген қызығушылығын, сондай-ақ, кейінгі кездері Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуал қалыстасқанын айғақтаса керек». «Келіссөздерді аяқтау арқылы біз мемлекет басшысы берген тапсырманы нақты жүзеге асырдық»,- деді Д.Ахметов.

Соңғы жаңалықтар