Қазақстан жағын келіссөздерде еліміздің сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай, бразилия жағын — сыртқы істер министрінің саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Роберто Жагуарибе.
Консультациялар барысында екі жақты ынтымақтастықтың келешегі, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен жылдың қыркүйек айындағы Бразилияға сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуы жайлы талқыланды.
Бразилия делегациясы біздің елімізге жасаған сапары барысында президент әкімшілігінде, көлік және коммуникациялар, ауылшаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау министрліктерінде кездесулер өткізді.
Қазақстан мен Бразилия арасындағы дипломатиялық байланыс 1993 жылдың 22 қыркүйегінде орнады. 2006 жылы Астанада Бразилия елшілігі ашылды. Екі ел арасындағы тауар айналымы ағымдағы жылдың бірінші жартысында $97 млн жетті, оның ішінде экспорт — $9,3 млн, импорт — $87,7 млн тең. Былтыр өзара сауда-саттық айналымы $142 млн, соның ішінде экспорт — $0,3 млн, импорт — $141,714 млн болды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті