Жарияланды: 620

Астанада "Қазақстан Республикасындағы кедейлік деңгейіне жасалған мониторинг индикаторы" атты статистикалық жинақтың тұсаукесері жасалды

Бүгін, 25-маусымда Астанада "Қазақстан Республикасындағы кедейлік деңгейіне жасалған мониторинг индикаторы" атты статистикалық жинақтың тұсаукесері жасалды ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

"Біз қазіргі кедейлік тауқыметі туралы және сол кедейлікті азайту бағытында БҰҰ тарапынан жасалып жатқан жұмыстар жайлы халық-бұқараның хабардарлық деңгейін арттыруды көздедік",- дейді БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары , әрі жобаның кеңесшілерінің бірі Сельвакумаран Рамачандран. Өткен жылы еліміз бойынша халықтың 24 проценті тақыр кедейлік ахуалында күн кешті , яғни, ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 проценті шамасындағы кірісті медеу тұтты. Өткен жылғы ең төменгі күнкөріс деңгейі 4761 теңгені құраған. Жинақта 1990-2000-жылдар аралығындағы халықтың жұмыспен қамтылу, демографиялық даму, әлеуметтік инфрақұрылым, білім беру және экологиялық көрсеткіштер келтірілген. Жинақты құрастырушылардың пікірінше, бұл - еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жасауға мүмкіндік береді. Жинақ мемлекеттік қызметкерлер, статистикалық мекемелер қызметкерлері мен экономистерге арналған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін