Астанада сауда - көңіл көтеру орталығының ғимаратында өрт шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада сауда - көңіл көтеру орталығының ғимаратында өрт шықты

Астанада сауда - көңіл көтеру орталығының ғимаратында өрт шықты

Астана. 27 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Астанада сауда - көңіл көтеру орталығының ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды агенттік ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 27 Қараша 2007
  • 494
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт 26 қарашада 19 сағат 38 минутта «Мега Центр» сауда — көңіл көтеру орталығына жапсарластыра салынған «Сулпак» сауда үйінің 4 қабатты ғимаратында шыққан.

«Екінші қабаттың деңгейінде сыртқы қаптама мен жылытқыш жанып, өрт 30 шаршы метр аумақты шарпыды», — деп нақтылайды мекеме.

Сауда үйінің ғимаратынан 87 адам сыртқа шығарылды. «Сулпак» сауда үйінің 19 жастағы қызметкері көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жатқызылды.

Өрт 19 сағат 58 минутта шоғырландырылып, 20 сағат 16 минутта ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 45 адамы мен 8 техникасының күшімен сөндірілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті