Астанада сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иордания үкіметаралық комиссиясының екінші отырысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық  ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иордания үкіметаралық комиссиясының екінші отырысы басталды

Астанада сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иордания үкіметаралық комиссиясының екінші отырысы басталды

АСТАНА. 6 тамыз. Kazakhstan Today. Астанада бүгін сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Иордания үкіметаралық комиссиясының екінші отырысы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 6 Тамыз 2007
  • 546
Фото - Caravan.kz

Бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаевтың құлағдар еткеніндей, кездесу алдағы Қазақстан-Иордания саммитіне дайындық шеңберінде өтуде. Комиссияның Қазақстан жағының тең төрағасы — еліміздің ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімов, Иордания жағының тең төрағасы — осы елдің индустрия және сауда министрі С. аль-Хазаиля болып табылады.

Комиссия екі мемлекет басшысының 2005 және 2006-жылдардағы өзара сапарларының қорытындысы бойынша берген тапсырмаларының орындалу барысын қарап, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық аясын кеңейтуге қатысты жаңа ұсыныстарды әзірлейді.

«Бұған қоса Қазақстан мен Иордания кәсіпкерлерінің іскерлік кеңесін құру көзделген, ол екі елдің бизнес орталары арасында әріптестік байланыстарды дамыту тетігіне айналмақшы», — деді СІМ өкілі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті