Жарияланды: 440

Астанада шетелдік құрылыс фирмасында істеп жүрген төрт жұмысшы мерт болды

Астанада "Альтаир ФК-7" ЖШС атты Түркиялық құрылыс фирмасы салып жатқан Тұлпар құрылыс кешенінде төрт жұмысшы мерт болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қайғылы оқиға 23-ақпан күні кешке қарай салынып жатқан көп қабатты ғимараттың 6 қабатынан лифт құлау салдарынан болған. "ҚазАртСтрой" ЖШС-де істеп жүрген 1977, 1978 және 1979-жылғы төрт жігіт те Монғолияда туып, осыдан 10 жыл бұрын Қазақстанға қоныс аударған азаматтар. Қазір жұмысшылардың өліміне байланысты дерек тексеріле бастады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін