Астанада ШЫҰ саммитін өткізу шығындарын ҚР үкіметі есептейді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада ШЫҰ саммитін өткізу шығындарын ҚР үкіметі есептейді

Астанада ШЫҰ саммитін өткізу шығындарын ҚР үкіметі есептейді

Шанхай ынтымақтастығы ұйымының (ШЫҰ) Астанадағы саммитін өткізу шығындарын ҚР үкіметі есептейді, деп мәлім етті ШЫҰ бас хатшысы Мұратбек Иманәлиев.

  • 1 Маусым 2011
  • 346
Фото - Caravan.kz

«ШЫҰ-ның мерейтойлық саммиті Астанада өтетіндіктен, оның шығынын Қазақстан үкіметі есептейді. Біздің ережемізге сәйкес, саммит қай елдің аумағында өткізілсе, оның шығынын сол ел көтереді», — деді М. Иманәлиев сәрсенбі күні бейне-баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетейік, 2009 жылы ШЫҰ саммитін өткізуге Ресей 7,3 млрд рубль жұмсады. Оның ішінде 2,7 млрд рубль қаржы Екатеринбург жолдарының құрылысы мен оларды жөндеуге бағытталды. ШЫҰ-ның Ташкентте өткен саммитінің құны $13 млнқұрады.

Шанхай ынтымақтастығы ұйымы – 2001 жылы Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан басшылары негізін қалаған аймақтық халықаралық ұйым.

ШЫҰ-ға 2010 жылдың 12 маусымынан 2011 жылдың 15 маусымына дейін Қазақстан төрағалық етеді.

ШЫҰ-ның саммиті жыл сайын өткізіледі, ұйымның мерейтойлық саммиті 15 маусымда Астанада өтеді.

Соңғы жаңалықтар