Астанада сириялық оппозициямен келіссөз нәтижесі бойынша қорытынды құжатқа қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада сириялық оппозициямен келіссөз нәтижесі бойынша қорытынды құжатқа қол қойылды

Астанада сириялық оппозициямен келіссөз нәтижесі бойынша қорытынды құжатқа қол қойылды

Сириялық оппозиция өкілдерінің көпшілігі Астанада өткен келіссөздер нәтижесі бойынша қорытынды құжатқа қол қойды, деп хабарлады  РИА Новости Солтүстік және Оңтүстік Америкада плюралистік қоғам үшін қозғалыс өкілі Бассам Битарға сілтеме жасап.

  • 27 Мамыр 2015
  • 364
Фото - Caravan.kz


«Сирия оппозициялық топ өкілдерінің басым бөлігі келіссөз нәтижесі бойынша қорытынды құжатқа қол қойды», — деді Б. Битар.

Ол қай оппозициялық топ құжатқа қол қоймағанын, туындаған келіспеушіліктердің себептерін нақтыламады.

Дүйсенбіде Астанада сириялық оппозицияның түрлі топтарымен келіссөзді бастаған. Барлығы 30 адам, олар Сирия оппозициясының түрлі күштерінің басшылары мен өкілдері, сондай-ақ азаматтық қоғам өкілдері мен тәуелсіз оппозиционерлер. Үкіметтік делегаттар консультацияға қатыспайды.