Астанада сырттан келіп бірнеше рет қарақшылық шабуыл жасаған екі адам ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада сырттан келіп бірнеше рет қарақшылық шабуыл жасаған екі адам ұсталды

Астанада сырттан келіп бірнеше рет қарақшылық шабуыл жасаған екі адам ұсталды

Астанада бір ай бойы бірнеше рет қарақшылық шабуыл жасап, кісі тонады деген күдікпен Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны ұсталды.

  • 21 Қаңтар 2014
  • 298
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Астананың ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Хабарламаға сәйкес, күдіктілер кемінде үш дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған

Олар шабуыл жасағанда дүкеншілерді ұрып-соғумен қатар, оларға пышақ жарақатын салған.

Сонымен қатар, олар жергілікті тұрғынды соққыға жығып, оның Мерседес көлігін мініп кеткен. Қазір көлік табылып, иесіне қайтарылды.

Жауап алу кезінде екі күдікті қылмыстарын мойындаған. Олар елордаға уақытша келген, еш жерде жұмыс істемеген.


Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандар уақытша оқшаулағышқа қамалды.