Астанада табысты кәсіпкерді өлтірмек болғандар жарты ғасырға сотталуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада табысты кәсіпкерді  өлтірмек болғандар жарты ғасырға сотталуы  мүмкін

Астанада табысты кәсіпкерді өлтірмек болғандар жарты ғасырға сотталуы мүмкін

Астанада кәсіпкерді тапсырыспен атып өлтірмек болғандар жарты ғасырға сотталуы ғажап емес. Жаза бұдан да қатал болуы мүмкін    еді. Алайда, прокурорлар күдіктілердің кішкентай балалары барын  ескеріп, үшеуіне 45 жыл жеткілікті деген тоқтамға келіпті.

  • 27 Қазан 2015
  • 338
Фото - Caravan.kz

Яғни, айыпталушылардың дүние-мүлкін тәркілеп әрқайсысына 15 жыл сұрап отыр. Соңғы шешімді енді судья қабылдауы тиіс. Ал 36 жастағы бизнесмен Олжас Мұқажановты дәл «Бәйтеректің» түбінде атып өлтірмек болғандар алыстан келмеген. Ажалдан аман қалған кәсіпкерді өлтіруге тапсырыс берген досы, Қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы қызметкері Ерлан Анарбек екен. Ол киллерді жалдап, жолдасының табысты кәсібін иеленбек болған. Өзі қазір іздеуде.

Дариға Мусина, прокурор:

-Ибишев, Садыров, Дауытов кәсіпкер Мұқажановпен қоса  оның жанында болған досын да  өлтірмек болды. Сөйте тұра кінәлілер екі жылға жуық жазасыз бостандықта жүрді. Ал әрқайсысына сұраған 15 жазаны айыпталушылар қатаң режимдегі колонияда өтеуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар