Баспасөз қызметінен хабарлағандай, жаттығу тақырыбы — «Тасқын жағдайындағы төтенше жағдайдың салдарын жою кезінде құтқару және өзге де қажетті жұмыстарға дайындалу және оны жүргізу».
Жаттығу аясында тасқын кезінде «Қалалық коммуналдық шаруашылығы» АҚ коммуналдық-техникалық қызметінің техникасының жұмысқа дайындығы, «Астана су арнасы» МҚК аумағында Астананың жедел әрекет ету отряды тексерілді. Сондай-ақ, темір жол вокзалы маңында «Жүк тасымалы» АҚ базасында жаттығулық өрт сөндіру жүзеге асырылды.
«Тасқын мезгіліне дайындық барысында қалалық қызметтер мен тұрмысқа қажетті объектілерде инженерлік-техникалық жұмысшылар қатарынан тәуліктік кезекшілік енгізіліп отыр. Қала аудандарында халықтан келіп түсетін арыздарды қарастыру үшін тасқын комиссиялары құрылды», — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті