Жарияланды: 40

Астанада төбелескен бес полицей жұмыстан босатылды

Астанада төбелескен бес полицей жұмыстан босатылды

Төбелеске қатысқан бес полицей ішкі істер органдарынан босатылды.

Бұл туралы Астана полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Төбелеске қатысқан бесеуі - екі инспектор және жол патрульдік полициясының үш қызметкері ішкі істер органдарынан босатылды", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Тексеріс нәтижесінде жол-патрульдік полициясы рота командирі атқарып отырған қызметінен босатылғаны, ал жол-патрульдік полиция басшылығы тәртіптік қатаң жауапкершілікке тартылғаны айтылады.  

Осыған дейін ҚР Ішкі істер министрлігі Желіде пайда болған видеоға байланысты қызметтік тексеріс жүргізіп жатқаны хабарланған. Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбада екі жол полицейі қарым-қатынастарын төбелес арқылы шешкен. Дәл сол уақытта олардың маңында әріптестері төбелеске араласпай, қарап тұрған.

Алмас Садубаев полиция қызметкерінің кез келген қызметтік тәртібін бұзатын жат қылықтың дұрыс емес екенін айтты.

"Бұл жағдайлар біздің абыройымызды өсірмейді. Полицейлер төбелескен видеоға қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Оларға және басшыларына заңда көрсетілген шаралар қолданылады. Тексерудің нәтижесін жариялаймыз", - деді ведосмтвоның ресми өкілі.
 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін