Астанада тұмауға қарсы тегін екпе жасау жұмыстары жалғасады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада тұмауға қарсы тегін екпе жасау жұмыстары жалғасады

Астанада тұмауға қарсы тегін екпе жасау жұмыстары жалғасады

Астанада 3 қазанда басталған тұмауға қарсы вакцинация жалғасуда.

  • 20 Қазан 2016
  • 858
Фото - Caravan.kz


Бүгінгі күні 1718 жүкті әйел, 6 ай мен 5 жас аралығындағы 7407 бала, мүгедектер үйінен, созылмалы аурулары бар ардагерлер қатарынан 270 адам және 2,5 мыңнан аса медициналық қызметкер тегін екпе алды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Сондай-ақ ақылы негізде және жұмыс берушілердің өз есебінен 20 мыңнан аса адам екпе алды. Тұмауға қарсы вакцинация әлі де жалғасуда. Ақылы негізде иммундау шарасын қаланың № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 емханаларында, «Интертич», «Медлайн», «Медикер», «Ореn Clinik», «Фармаком», «Медикал Ассистанс групп», «Архимедес Қазақстан» медициналық мекемелерінде алуға болады. Айта кеткен жөн, Астанада жедел респираторлық-вирустық инфекцияларымен ауыру бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

 

Соңғы жаңалықтар