Жарияланды: 440

Астанада үкіметтік емес ұйымдардың алғашқы бас қосуы басталды

Бүгін, 20-тамызда Астанада құрылған үкіметтік емес ұйымдардың алғашқы бас қосуы басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. Бас қосуға Елордасында жұмыс істейтін 114 үкіметтік емес ұйымның өкілдері қатысуда.

Отырысты ашып сөз сөйлеген Астана әкімінің орынбасары Төлеген Мұхамеджановтың айтуынша, елімізде 1998-жылдан бастап үкіметтік емес ұйымдар үлкен қарқынмен өсуде. "Үкіметтік емес ұйымдар қандайбір себептермен мемлекеттік мекемелердің қолынан келмеген істерді тындырып отыр. Алайда, арнайы сауалнамаға қатысқан үкіметтік емес ұйым өкілдерінің тең жартысынан астамы мемлекет тарапынан қолдаудың жоқтығын көлденең тартады",- деді ол. Үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар әлеуметтік аз қорғалған топтарды қолдауда, кәсіпкерлікті қорғауда белсенділік танытып отыр. Айталық, "Әділет" қоғамы екі жыл ішінде 25 мың азаматтың құқығын қорғаған. Оның 90 проценті сотқа дейінгі сатыда жүзеге асырылды. Ал "ЖАРиА" әйелдер қауымдастығы жаңа кәсіпорындарды іске қосуға бағытталған 10-нан астам жобаны жүзеге асырды. Бас қосу барысында оған қатысушылар әлеуметтік әріптестік саласындағы тәжірибемен бөлісіп, басқалардың тауқыметеріне құлақ асып, оларды шешудің жолдарын бірлесіп қарастыруды көздеп отыр. Т.Мұхамеджанов үкіметтік емес ұйымдардың белсенді мүшелеріне қала әкімінің ризашылық хатын табыс етті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін